Қарағанды қаласының тұрғыны полицейлерге 1900 жылы шығарылған револьвер тапсырды

Қарағанды облысында 20 сәуірінен бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қаруы, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өткізілуде.

26 сәуірде өткізілген іс-шара аясында Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне 1900 шыққан «наган» маркалы револьвер сирек кездесетін қару түрі тапсырылды, хабарлайды ақпарат агенттігі Patriotnews.kz

Оны 58-жастағы Қарағанды тұрғыны әкелді. Әйел адам аталған қару иесі атасынан қалған екендігін түсіндірді.Біршама уақыт өтуіне қарамастан, револьвер құрылғысы сол қалпында сақталған.
Наганға сараптама жүргізілген соң, Қарағанды облысының ПД музейіне экспонат ретінде берілуі мүмкін.